Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру!
30
март
2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру!  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы анонс жұртышылықты хабардар ету және оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесіне тарту үшін (талдау жүргізу туралы бұйрыққа енгізу үшін) өткізіледі.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚР заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық
23 наурыз – Тазару күні!
23
март
2026
23 наурыз – Тазару күні!
23 наурыз – Тазару күні ерекше көңіл-күймен аталып өтті.  Бұл күн – жаңару мен тазалықтың, жақсылық пен үміттің символы. Іс-шара барысында айналаны тазалап, табиғатқа деген қамқорлығымызды көрсеттік.  Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында бәрі жоғары деңгейде өтті. Осындай игі бастамалар әрдайым жалғасын таба берсін! https://www.facebook.com/share/v/1KvevN1rUx/
"Наурыз - береке бастауы" атты ертеңгілігі
20
март
2026
"Наурыз - береке бастауы" атты ертеңгілігі
20.03.2026ж. “Қарлығаш”ортаңғы тобында Наурыз мейрамы аясында «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді. Бүлдіршіндер түрлі ұлттық ойындарға қатысып, мерекенің мәнін түсініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға ерекше қуаныш пен әсер сыйлады.
"Наурыз-береке бастауы" атты мерекелік іс-шара
20
март
2026
"Наурыз-береке бастауы" атты мерекелік іс-шара
“Балапан” кіші тобында Наурыз мерекесі ерекше көңілді және әсерлі түрде аталып өтті. Балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Бұл шара балаларға үлкен қуаныш сыйлап, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.  
"Ұлттық ойын - ұрпақ мұрасы" ұлттық ойындар жарысы
20
март
2026
"Ұлттық ойын - ұрпақ мұрасы" ұлттық ойындар жарысы
Консултациялық пункт жоспарына сәйкес балабақшамызда 20 наурыз – Ұлттық спорт күні аталып өтті. Іс-шара барысында тек ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар «Арқан тарту», «Асық ату», «Ханталапай», «Қол күрес” сияқты ұлттық ойындарға белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әр ойын балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
21 наурыз – Ынтымақ күні !
20
март
2026
21 наурыз – Ынтымақ күні !
21 наурыз – Ынтымақ күні ! Балалар достық пен бірліктің маңызын түсініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бірлескен ойындар арқылы ұйымшылдықтары артып, татулықтың қадірін сезінді.  Мұндай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады. https://www.facebook.com/share/v/1D1GaNEyTP/
20 наурыз – Ұлттық спорт күні!
20
март
2026
20 наурыз – Ұлттық спорт күні!
20 наурыз – Ұлттық спорт күні балабақшамызда наурызнаманың онкүндік жоспарына сәйкес аталып өтті. Іс-шара барысында тек ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар «Арқан тарту», «Асық ату», «Ханталапай», «Қол күрес” сияқты ұлттық ойындарға белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әр ойын балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды. https://www.facebook.com/share/v/18Rz5ZVgmg/
"Наурыз шаттығы" атты ертеңгілігі
19
март
2026
"Наурыз шаттығы" атты ертеңгілігі
"Ботақан" ересек тобында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурыз шаттығы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында бүлдіршіндер ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеп, мерекенің мән-мағынасын тереңірек түсінді. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, барлық қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.