Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
23 наурыз – Тазару күні!
23
март
2026
23 наурыз – Тазару күні!
23 наурыз – Тазару күні ерекше көңіл-күймен аталып өтті.  Бұл күн – жаңару мен тазалықтың, жақсылық пен үміттің символы. Іс-шара барысында айналаны тазалап, табиғатқа деген қамқорлығымызды көрсеттік.  Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында бәрі жоғары деңгейде өтті. Осындай игі бастамалар әрдайым жалғасын таба берсін! https://www.facebook.com/share/v/1KvevN1rUx/
21 наурыз – Ынтымақ күні !
20
март
2026
21 наурыз – Ынтымақ күні !
21 наурыз – Ынтымақ күні ! Балалар достық пен бірліктің маңызын түсініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бірлескен ойындар арқылы ұйымшылдықтары артып, татулықтың қадірін сезінді.  Мұндай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады. https://www.facebook.com/share/v/1D1GaNEyTP/
20 наурыз – Ұлттық спорт күні!
20
март
2026
20 наурыз – Ұлттық спорт күні!
20 наурыз – Ұлттық спорт күні балабақшамызда наурызнаманың онкүндік жоспарына сәйкес аталып өтті. Іс-шара барысында тек ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар «Арқан тарту», «Асық ату», «Ханталапай», «Қол күрес” сияқты ұлттық ойындарға белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әр ойын балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды. https://www.facebook.com/share/v/18Rz5ZVgmg/
19 наурыз – Жаңару күні!
19
март
2026
19 наурыз – Жаңару күні!
19 наурыз – Жаңару күні! Наурызнаманың онкүндігі аясындағы бұл күн – жаңғыру мен жаңа бастамалардың символы. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданған шақта адам да ішкі жан дүниесін жаңартып, алға жаңа мақсаттар қояды. Бұл күн – өткенді саралап, болашаққа нық қадам басатын мүмкіндік.  https://www.facebook.com/share/v/1FYUnzmn8T/
18 наурыз - Ұлттық киімдер күні!
18
март
2026
18 наурыз - Ұлттық киімдер күні!
18 наурыз - Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігі аясында Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.  Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық. Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді
17 наурыз — Шаңырақ күні!
17
март
2026
17 наурыз — Шаңырақ күні!
17 наурыз — Шаңырақ күні  Бүгін — отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн. Шаңырақ — бірлік пен берекенің, татулық пен жылулықтың символы. Әрбір шаңырақта бақыт, махаббат және сыйластық орнасын! Отбасымыз аман, керегеміз кең, шаңырағымыз биік болсын!  Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізейік. https://www.facebook.com/share/v/1GRrGPMFHc/
16 наурыз — Мәдениет пен салт-дәстүр күні!
16
март
2026
16 наурыз — Мәдениет пен салт-дәстүр күні!
16 наурыз — мәдениет пен салт-дәстүр күні  Бүгін біз халқымыздың асыл мұраларын дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтадық. Іс-шара барысында қазақтың киелі дәстүрлерінің бірі — тұсау кесу рәсімі көрсетілді. Бұл дәстүр арқылы сәбиге ақ жол тілеп, болашағына ізгі ниет білдіріледі. Осындай тәрбиелік мәні зор салттарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Ұлттық рухымыз әрқашан биік болсын! https://www.facebook.com/share/v/1B8g4hTffM/
15 наурыз - Қайырылмылық күні!
13
март
2026
15 наурыз - Қайырылмылық күні!
Наурызнаманың  онкүндігі аясында балабақшамызда Қайырымдылық күні өткізілді. Іс-шара барысында балалар мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын түсініп, өз қолдарынан келгенше қайырымдылық жасап, жақсы істерге атсалысты. Тәрбиеленушілер бір-біріне көмектесіп, жылы сөз айтып, қамқорлық көрсету арқылы достық пен ізгіліктің мәнін ұғынды. Осындай тәрбиелік шаралар балалардың жүрегіне мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. https://www.facebook.com/share/v/185YmMi6G9/
Көрісу күні
13
март
2026
Көрісу күні
Балабақшамызда 14 наурыз – “Көрісу күні”мерекесі аталып өтті. Іс-шара барысында бүлдіршіндер ұлттық дәстүріміз туралы мағлұмат алып, бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық тіледі. Мерекелік шара балаларға халқымыздың салт-дәстүрін танытып, үлкенді құрметтеуге, достық пен сыйластыққа тәрбиелеуге бағытталды. Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! https://www.facebook.com/share/v/1CJPsrf6wR/
"Мектепке дейінгі үздік ұйым" рейтинг қорытындысы
14
январь
2025
"Мектепке дейінгі үздік ұйым" рейтинг қорытындысы
Аудандық "Мектепке дейінгі үздік ұйым" рейтінгісі бойынша "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының ұжымы ІІ орын иеленді.