Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі педагог-психолог- 0,5 бірлік жүктеме (тұрақты) лауазымына конкурс жариялайды!
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Абай ауылы, Жамбыл көшесі № 4.
Электрондық поштасы: baizak.aigolek@yandex.kz
Пошталық индексі: 080102
Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 31-6-31.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (31.03.2025 №96 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру «Enbek.kz» сайтына жарияланады.
Бос лауазым атауы: педагог-психолог-0,5 бірлік жүктеме (тұрақты).
Міндеттері:
- балалардың психологиялық және әлеуметтік саулығы үшін жағдайлар жасайды;
- балаларға, тәрбиешілер мен ата-аналарға әртүрлі оңалту және консультациялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды
Талаптар: - әрбір баланың жеке психологиялық-педагогикалық картасын жасайды;
- шығармашыл дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына әсер етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, тәрбиеленушілердің психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады;
- баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды.
- мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді.
- қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
- мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
- ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
- белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
- кәсіби құзыреттілігін арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
- балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру ‘’hr-nobd.edu.kz’’ сайтына жарияланды.
Конкурсқа ниет білдірген тұлға қабылдау мерзімінде ‘’hr-nobd.edu.kz’’ сайтына тіркеліп,қажетті құжаттарды сканерлеп жүктеп және қағаз түрінде жеке ісін толтырып өткізеді.
Бос лауазым атауы: педагог-психолог - 0,5 бірлік (тұрақты).
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 130 000 (бір жүз отыз мың теңгеден басталады)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
13.03.2026ж- 27.03.2026 жыл аралығында.