Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!
04
июнь
2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай “ Айгөлек” бөбекжай- бақшасында сағат 09:00-де балабақшамыздың педагогтері мен тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады. Іс-шара барысында тәрбиешілер ел бірлігі мен патриоттық рухты дәріптеп, мемлекеттік рәміздерге деген зор құрметтерін көрсетті. Әнұранның бір мезгілде орындалуы жас ұрпақтың ел болашағына деген жауапкершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін және ұлттық құндылықтарға деген адалдығын айқындады.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, халқымыздың мақтанышы. Осындай игі шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға және елдік рухты нығайтуға ықпал етеді.
https://www.facebook.com/share/v/1CU3N1CmRy/