Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
май
2026

№5 Педагогикалық кеңес отырысы

29. 05.2026ж “Айгөлек” бөбекжай-бақшасында «Нәтиже мен тәжірибе – дамуға бастар жол!” тақырыбында қорытынды педагогикалық кеңес өткізілді. Мақсаты – мектепке дейінгі мекемедегі барлық іс-әрекеттердің нәтижесін қорытындылау, педагогтердің жыл бойғы жұмысын саралау және тәрбие-білім беру үдерісін талдау.
Күн тәртібінде:
2025-2026 оқу жылындағы оқу тәрбие жұмысының қорытындысы;
Педагогтердің және топ тәрбиешілерінің жылдық есептері тыңдалды;
 2025–2026 оқу жылының мамыр айындағы балалардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы бойынша диагностикалық сараптама нәтижелері талданды;
Жазғы сауықтыру шаралары талқыланып, бекітілді.
Педагогикалық кеңес барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды. Барлық педагогтерге оқу жылындағы еңбектері үшін алғыс білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!