03
июль
2026
"Сүйікті қалам - Астана" атты шығармашылық іс-әрекеті
03.07.2026ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында «Сүйікті қалам – Астана» атты шығармашылық іс-әрекет өтті.
“Ботақан” ересек тобында балалардың туған елге, елордамызға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Сүйікті қалам – Астана» атты шығармашылық іс-әрекет ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер Астана қаласының көрікті жерлері туралы әңгімелесіп, сурет салып, түрлі шығармашылық жұмыстар орындады. Балалар өз қиялдарын еркін жеткізіп, елордамыздың әсемдігін шығармашылық арқылы бейнелей білді.
