Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
№1 Педагогикалық кеңес отырысы
31
август
2023
№1 Педагогикалық кеңес отырысы
31.08.2023ж. №1 Педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. 1. 2023-2024 оқу жылына балабақша жұмысының жылдық жоспарын талқылау. 2. 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру. 3. Күн тәртібін бекіту. Нормативтік құқықтық бұйрықтармен таныстыру. Әдіскер Б.Макубаева 4. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысын түсіндіру.
"Ең үздік дамытушы орта" аудандық байқауы.
18
август
2023
"Ең үздік дамытушы орта" аудандық байқауы.
https://www.facebook.com/reel/303744595471413 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Быжыбаева Наркес Жамбылқызы аудандық "Ең үздік дамытушы орта" байқауына қатысып, облысқа жолдама алып, облыстан ІІІ -дәрежелі диплом алды.Құттықтаймыз!
"Шегіртке мен құмырсқа  " ертегісі сахналық қойылым
03
август
2023
"Шегіртке мен құмырсқа " ертегісі сахналық қойылым
03.08.2023ж. «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешісі А. Жақсыбаева  жазғы сауықтыру іс-шараларының жоспарына сәйкес  «Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісі жайлы қойылым көрсетіп, балалардың өздері білетін ертегілеріндегі кейіпкерлерін атау арқылы тілдерін жетілдіре отырып, тапсырмаларды орындауға қызығушылығын қалай оятуға болатынын көрсетті. 
"Біз күштіміз, ептіміз!" спорттық ойындар күні
11
июль
2023
"Біз күштіміз, ептіміз!" спорттық ойындар күні
11.07.2023ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында "Біз күштіміз, ептіміз!" спорттық ойын-сауық өткізілді . Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру; Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Жетекші Б. Макубаева
"Шынықсаң-шымыр боласың!" спорттық эстафеталық сайыс
23
июнь
2023
"Шынықсаң-шымыр боласың!" спорттық эстафеталық сайыс
"Айгөлек" бөбекжай -бақшасында "Қарлығаш" ортаңғы "Ботақан" ересек топтары арасында "Шынықсаң -шымыр боласың!" атты спорттық эстафеталық сайыс өткізілді. Мақсаты: Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту. Ептілік пен шапшаңдылық, батылдылық қасиеттерін дамыту. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жетекші: Б.Макубаева
Мемлекеттік  рәміздер күні   "Рәміздер-мақтанышым!" атты  ұйымдастырылған іс-әрекеті
02
июнь
2023
Мемлекеттік рәміздер күні "Рәміздер-мақтанышым!" атты
02.06.2023ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Рәміздер-мақтанышым!" атты ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді.  Мемлекеттік рəміздерге деген құрмет балабақша қабырғасында қалыптасады.  Балабақша ұлт болашағы - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің басты баспалдағы болып табылатыны белгілі. Баланың өз Отаны, Елі, Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерімен балабақшада танысады. Мемлекеттік рәміздер күніне орай бүлдіршіндердің ұлттық нышандарына сүйіспенішілігін арттыру
22.05.2023ж. "Бестемше" ұлттық ойыны
22
май
2023
22.05.2023ж. "Бестемше" ұлттық ойыны
22.05.2023ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының әдіскері Б. Макубаева "Ботақан" ересек тобында "Бестемше" ұлттық зияткерлік ойынын өткізді. Бұл ойын баланың логикалық ой-өрісін дамытуға, шапшаңдық пен ептілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелейді.  Мақсаты: Әлем мәдениетінің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисынды ойлау өнерін ойнату арқылы баланың арифметикалық қабілетін ашып, зердесін шыңдауға мүмкіндік беру. Осы арқылы Бестемше ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде қолдану.
27.04.2023ж. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті: "Көңілді түстер"
27
апрель
2023
27.04.2023ж. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті: "Көңілді түстер"
27.04.2023ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобында "Көңілді түстер" атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді.  Мақсаты: Балалардың коммуникативтік-ақпараттық құзіреттілігін молайтып, балалардың ой-түйсігін, қиялын дамыту. Балалардың танымдық қабілеттерін , зейінін, сенсорлық ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға  білуге  үйрету. Тәрбиеші Быжыбаева Н. 
Ашық ұйымдастырылған ойын  іс-әрекеті: "Көктем мезгілінің құбылыстары"
21
апрель
2023
Ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті: "Көктем мезгілінің құбылыстары"
21.04.2023ж. "Ботақан" ересек тобында "Көктем құбылыстарының ерекшеліктері" атты ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті өткізілді. Мақсаты: Балалардың көктем мезгілінің құбылыстары арқылы ой-өрісін танымдық, зияткерлік дағдыларын дамыту.  Міндеттері: Көктем мезгілінің дыбыстары арқылы санауды үйрету. Заттарды зерттеу барысында  олардың пішінін көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау, көрнекі-бейнелі ойлауды, есте сақтауды , қиялдауды, сөйлеуді дамыту, танымдық қызығушылығын ояту. Тәрбиеші: Р.Умирзакова