Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 -Маусым Балаларды қорғау күні
01
июнь
2026

1 -Маусым Балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшамызда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мереке барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін келтірді. Іс-шара соңында Абай ауылдық кітапханасы мен клуб қызметкерлері бүлдіршіндерге ертегі кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар, Абай ауылының жеке кәсіпкерлері балаларға балмұздақ сыйлап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалардың қуанышына ортақтасып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Абай ауылдық кітапханасы мен клуб ұжымына, сондай-ақ ауыл кәсіпкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Балаларымыз әрқашан бақытты, дені сау болып, жарқын болашаққа нық қадам бассын!