Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық домбыра күні
01
июль
2023
Ұлттық домбыра күні
01.06.2023ж. Шілде айының бірінші жексенбісінде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтетін болады. Домбыра - қазақ елінің көнекөз шежіресі. Домбыра күні қарсаңында "Айгөлек" бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерімен балабақшаның тәрбиешілері мерекелік іс-шара өткізіп, балаларға домбыра аспабында күй орындатты.
"Бағдаршам күні" атты ойын -сауық
29
июнь
2023
"Бағдаршам күні" атты ойын -сауық
29.06.2023 ж.Балабақшамызда жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сәйкес,   бағдаршам  күніне  орай  ойын- сауық ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыруды жалғастыру, бағдаршам туралы білімдерін кеңейту. Оларды есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Ойын сауыққа барлық "Қарлығаш" ортаңғы "Ботақан" ересек топ бүлдіршіндері қатысты.
"Армысың жаз!" сауық кеші
16
июнь
2023
"Армысың жаз!" сауық кеші
Жоспарға сәйкес 16 маусым күні  «Армысың,  жайдарлы  жаз!» атты ертеңгілік өтті. Сауық кеште  балалармен  көңілді ойындар өткізілді. Онда «Көбелек биі», «Флешмоб»  атты көңілді билер билеп, ән айтты. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
01
июнь
2023
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында 1-Маусым Балаларды қорғау күніне орай "Бақытты балалық шақ!" атты мерекесі аталып өтті.  Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың санасына «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» балаларды қорғау күнінің  маңыздылығын сіңіру. Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір – бірін  сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай  ұстауға  жетелеу. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа
24.05.2023ж. "Қош бол, балабақша!" ертеңгілігі
24
май
2023
24.05.2023ж. "Қош бол, балабақша!" ертеңгілігі
Мамырдың 24 күні "Ботақан" ересек тобында  “Қош бол, балабақша!” атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік балабақша меңгерушісі И.К. Абдикулованың сөзімен ашылды. Аталмыш ертеңгілікке "Ботақан" ересек тобының  түлектері қатысты. Түлектер өз өлеңдері мен əндерін, билерін ортаға салды. Бүлдіршіндеріміздің  ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, естелік ретінде силықтар тарту етті. Бүлдіршіндеріміз балабақша қызметкерлеріне ақ тілектерімен алғыс білдірді. Балабақша тəрбиешілері
1 - мамыр "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" ертеңгілігі
28
апрель
2023
1 - мамыр "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" ертеңгілігі
28.04.2023 ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні" атты ертеңгілік өткізілді.  Мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.
"Қош келдің, Әз-Наурыз!" ертеңгілігі
17
март
2023
"Қош келдің, Әз-Наурыз!" ертеңгілігі
2023 жылдың 17-наурыз күндері  «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында наурыз мерекесі аталып өтті.  Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Бұл дәстүрлі шараға «Ботақан» ересек , «Қарлығаш» ортаңғы және
8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай өткізілген  "Анашым, ана жаным!"  ертеңгілігі
07
март
2023
8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай өткізілген "Анашым, ана
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында  8-наурыз мерекесіне арналған "Анашым, ана жаным !" атты ертеңгілік өтті.     6-7 наурыз аралығында біздің балабақшамызда аналар күніне арналған мерекелік шара барлық топтарда аталып өтті. Әдемі әндер, көңілді билер,қызықты ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына,әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті.Осындай мерекелердің арқасында балалар ата-аналарын қадір тұтуды,құрметтеуді үйренеді. Көктем
28.12.2022ж. "Балапан" кіші тобы "Қош келдің, Жаңа жыл! " ертеңгілігі
09
январь
2023
28.12.2022ж. "Балапан" кіші тобы "Қош келдің, Жаңа жыл! " ертеңгілігі
2022 жылдың  28   желтоқсан күндері «Айгөлек » бөбекжай-бақшасында «Балапан» кіші тобында Жаңа жыл мерекесіне   орай «Қош келдің , Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік   өткізілді.  Мақсаты:  Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін  қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын  ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен  ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру. Іс- шара  барысы: Мерекелік ертеңгілікке Аяз ата мен
28.12.2022ж ."Қарлығаш" ортаңғы тобы "Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі
09
январь
2023
28.12.2022ж ."Қарлығаш" ортаңғы тобы "Қош келдің, Жаңа жыл!"
2022 жылдың  28   желтоқсан күндері «Айгөлек » бөбекжай-бақшасында «Балапан» кіші тобы, «Қарлығаш» ортаңғы  топтарында Жаңа жыл мерекесіне   орай «Қош келдің , Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгіліктері   өткізілді.  Мақсаты:  Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін  қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын  ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен  ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру. Іс- шара  барысы: