Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ботақан" ересек тобының "Берекелді, Алтын күз!" ертеңгілігі
29
октябрь
2021
"Ботақан" ересек тобының "Берекелді, Алтын күз!" ертеңгілігі
29.10.2021ж.  «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының  «Ботақан» ересектер тобы да «Берекелді, Алтын күз!» атты тақырыпта ертеңгілік өткізді. Топ тәрбиешілері З. Жаманбалаева, Ұ. Ажимова   мен музыка  жетекшісі М. Белгібаевтың  бастамашылығымен тәрбиеленушілер жақсы атсалысып, өздерін жаңа қырларынан көрсете білді. Балалар неше түрлі жемістер секілді киініп, жұмбақтар шешті.  Балалар дөңгелене айнала, күз туралы ән айтты, көңілді ойындар ойнады, би биледі және күздің келуін тағатсыздана күтті.
"Берекелді Алтын күз! " ертеңгілігі
29
октябрь
2021
"Берекелді Алтын күз! " ертеңгілігі
29.10.2021ж . Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата – бабаларымыз «Жәрмеңке тойын» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір балабақшада  осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып «Айгөлек»
"Ана тілім-байлығым!" мерекелік іс-шара
24
сентябрь
2021
"Ана тілім-байлығым!" мерекелік іс-шара
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  Тіл мерекесіне орай "Ана тілім -байлығым!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру. Тәрбиеші: Ажимова Ұ. 
1-Маусым Балаларды қорғау күні
30
июнь
2021
1-Маусым Балаларды қорғау күні
1-Маусым күні "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында  Балаларды қорғау күнімен бірігіп, "Қош бол сүйікті балабақшам!" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Тәрбиешілер:   Ажимова Ұ. Скакова Л.  
9 -Мамыр - Жеңіс күніне орай "Ұланымыз ұлы елдің" атты ашық тәрбие сағаты
12
май
2021
9 -Мамыр - Жеңіс күніне орай "Ұланымыз ұлы елдің" атты ашық тәрбие
           9-Мамыр- Жеңіс күніне орай балабақшамызда "Ұланымыз Ұлы елдің" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.             Мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, жауынгерлер жайлы, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беріп, балалардың тіл байлықтарын, ойлау,  мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру; Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу.         Іс -шара барысында  балалар Кеңес
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні  "Бір шаңырақ астында" атты ашық тәрбие сағаты
12
май
2021
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні "Бір шаңырақ астында" атты
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні    күніне орай "Қарлығаш" ортаңғы тобында "Бір шаңырақ астында" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні  мерекесінің тарихы және еліміздегі сан алуан ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында ынтымақтастығы жайлы айтылып өтті. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндер әр ұлттың билерін билеп,  тамаша өнер көрсетті. Тәрбиеші: Жаманбалаева З. 
18.03.2021ж. "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты ертеңгілігі
19
март
2021
18.03.2021ж. "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты ертеңгілігі
18.03.2021ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 18 наурыз күні «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында  «Қарлығаш» ортаңғы және «Ботақан» ересек топтарында "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.          Іс-шараның  мақсаты:  Наурыз айы қазақ халқында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап
05.03.2021ж.  "Жан анашым" етты ертеңгілігі
12
март
2021
05.03.2021ж. "Жан анашым" етты ертеңгілігі
05.03.2021ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының кезекші "Ботақан" ересек тобында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Жан анашым!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.  Мерекелік іс-шарада балалар аналарына, әжелеріне, тәрбиешілеріне арналған жылы лебіздерін тақпақтар арқылы
05.03.2021ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының "Қарлығаш" ортаңғы тобында "Жан анашым!" атты ертеңгілік өткізілді.
12
март
2021
05.03.2021ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының "Қарлығаш" ортаңғы тобында
05.03.2021ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының кезекші "Қарлығаш" ортаңғы тобында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Жан анашым" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Жаманбалаева З, Жолдасова Қ. 
01.03.2021ж. Алғыс айту күні
02
март
2021
01.03.2021ж. Алғыс айту күні
01.03.2021ж . 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай бөбекжай-бақшамызда "Алғысым шексіз сіздерге!" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында  кішкентай бүлдіршіндер ата-аналарына, жақындарына, туған туыстарына, бауырларына, тәрбиешілеріне және балабақша қызметкерлеріне өздерінің жылы лебіздерін, улкен  алғыстарын тақпақпен жеткізіп, ән айтып, би билеп тамаша өнер көрсетті. Тәрбиешілер Скакова Л, Ажимова Ұ.