"Қош бол, балабақша!" атты ертеңгілігі
20 мамыр күні «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында «Қош бол, балабақша!» атты салтанатты ертеңгілік өтті. Бұл күн – бүлдіршіндер үшін ерекше әрі толқынысқа толы сәт болды. «Ботақан» ересек тобы сүйікті балабақшасымен қоштасып, мектепке қадам басты. Балалардың өнері, әсем әндері мен билері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мектеп табалдырығын сеніммен аттап, білімді де тәрбиелі шәкірт болыңдар!